Астанада жанармай құю бекетінде көліктен өрт шықты, ол жарылысқа әкеп соғуы мүмкін еді. Болған оқиға туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құтқарушылардың ақпараты бойынша, өрт Қорғалжын тас жолы, 6 мекен-жайындағы «Синойл» АЖҚС-да болған.
«АЖҚС аумағына №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі келгенде «KIA Sportage » маркалы автомобиль жанып жатқан. Жедел және кәсіби деңгейде істелген жұмыс пен дұрыс қабылданған шешімнің ақасында өрт жарылысқа ұласпады. Сондай-ақ, жақын орналасқан көліктер қауіпсіз қашықтыққа эвакуацияланды, осылайша қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды», – делінген хабарламада.
Өрт 21.24-те ауыздықталып, 21.30-да сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. «KIA Sportage» автокөлігі толығымен жанып кетті, сондай-ақ, май құю колонкасының резеңке және пластмасса құралдары зардап шекті.
© Астана қалалық ТЖД
Өрт сөндіруге жеке құрамның 14 қызметкері мен 5 техника жұмылды. Астана қаласы ТЖД өкілдері оның себебі анықталып жатқанын хабарлады.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz