Home Жаңалықтар Алматыда манипулятор үш әйелді жаншып кетті

Алматыда манипулятор үш әйелді жаншып кетті

58

Алматыда манипулятордың қатысумен ТЖ орын алып, нәтижесінде үш адам зардап шекті.

Куәгердің айтуынша, оқиға Әйгерім 1 шағын ауданында, «Снедь» дүкенінің жанында орын алған.

– Манипулятор 3 адамды жаншып өтіп, олардың барлығы жансақтау бөлімшесіне түсті. Манипулятордың тіреуіші шығып кетіп, ол осы тіреуішімен үш адамды қағып өтті. Аталған көлік тіреуіші шыққан күйде Рысқұлов пен Школьная көшелерінің қиылысынан бастап жүріп келе жатқан, куәгерлер бар, – дейді автор.

Ал inalmaty.kz порталы манипулятордың адамдарды жаншып өтпегенін, керісінше, оның құлап кетіп, әйелдерді жаншып тастаған жеткізді.

Құрылғыны ұстап тұратын тіреуіштер ағытылып кетіп, нәтижесінде үш әйелге зақым келтірген.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жапа шеккен адамдардың №7 Қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылып, қазіргі таңда олардың жан сақтау бөлімшесінде екендігін хабарлап отыр. Ал клиникадағылар әйел адамдардың денсаулықтарына қатысты мәлімет беруге асығар емес.

– Сот-медициналық сараптамасын тағайындайтын боламыз, соған қарай оқиғаны бағалаймыз, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

Zakon.kz

Алдыңғы жазба«Жұрттың Ыбырайы-Ыбырай, біздің Ыбырай-сұмырай»
Келесі жазба@EgovKzBot арқылы шетелге шығуға салынған тыйымдардың бар-жоғын анықтауға болады