Home Жаңалықтар Тоқаев Қытайдағы баяндамаларын тек қазақ тілінде жасап жүр

Тоқаев Қытайдағы баяндамаларын тек қазақ тілінде жасап жүр

68

Қазақстан Президенті ресми сапармен Қытай елінде жүр. Ол бірнеше ресми кездесулерге қатысып та үлгерді. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, жоспарланған барлық кездесуде Президент тек қазақ тілінде сөйлеудедеп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда», деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі сөзін және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады.

 

Алдыңғы жазбаДепутат елордадағы көше атауына Жошыханның есімін ұсынды
Келесі жазбаАлматыда қазақ мектебінде оқыс оқиға орын алды