Димаш Құдайберген Санкт-Петербургте өтетін алғашқы жеке концертінің қай күні өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жаңалықты әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. «Армысыздар, құрметті достар! Сіздерге 29 қараша күні Ресейдің мәдени астанасы Санкт-Петеруг қаласындағы «Мұз сарайы» стадионында тұңғыш жеке концертім өтетінін қуана хабарлаймын. Билеттерді icetickets.ru сайтынан және «Мұз сарайының» кассаларынан ала аласыздар. Жуықта кездескенше!» – деді ол
inform.kz