Home Саясат Олжас Бектенов Анкарада Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті

Олжас Бектенов Анкарада Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті

80
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Анкараға барды

Олжас Бектенов Анкара қаласында Түрік Республикасы басшысының қабылдауында болды, Түркияның Вице-Президентімен келіссөздер жүргізді, ірі түрік компаниялары мен холдингтерінің өкілдерімен кездесуде инвестициялық ынтымақтастық мәселесін талқылады, сонымен қатар қазақ-түрік бизнес-форумында сөз сөйледі.

Олжас Бектенов бизнес өкілдеріне еліміз маңызды жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.

ҚР Үкіметінің басшысы кәсіпкерлердің назарын неғұрлым перспективалы салаларға аударды. Олардың ішінде мұнай-газ химиясы, көмір химиясы, өндірісті локализациялауды тереңдетуге және шығарылатын техниканың модельдік қатарын кеңейтуге бағытталған машина жасау саласына басымдық берілді.

Бизнес-форум нәтижесінде Қазақстан мен Түркия делегациялары басшыларының қатысуымен жалпы құны $180 млн-нан астам инвестициялық ынтымақтастық саласындағы коммерциялық 10 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде дайын өнімді экспорттау жөніндегі меморандум, логистикалық хаб салу туралы келісімдер, сондай-ақ кальцилендірілген сода, жаңбырлатып суару жабдықтарын, тоқыма емес материалдар шығаратын бірқатар зауыттар салу туралы, суару жабдықтарын құрастыру бойынша келісімдер бекітілді. Сонымен қатар тұқым шаруашылығы саласындағы озық тәжірибе алмасу, сондай-ақ тұқым жеткізу перспективалары туралы келісімге қол қойылды.

Алдыңғы жазбаБҚО-да тасқыннан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек беріліп, мал шығыны өтеліп жатыр
Келесі жазбаЖол қозғалысы ережелеріне жаңа өзгерістер енгізілді