Home Жаңалықтар Түркістан облысында жол апатынан үш бала мен жүргізуші қаза тапты – Тосын...

Түркістан облысында жол апатынан үш бала мен жүргізуші қаза тапты – Тосын жай

56

Түркістан облысында жол апатынан үш бала мен ер адам қаза тапты. Тағы екі ересек адам мен кәмелетке толмаған екі бала жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Otyrar.kz.

Жол-көлік оқиғасы кеше, 14 наурызда Шымкент-Самара тасжолының 115-шақырымында болған. Hyundai Starex пен Daewoo Nexia соқтығысып қалған.

Куәгердің айтуынша, балалардың денесі жол апаты болған жерден 10-15 метр қашықтықта болған. 

«Түркістан облыстық ауруханасына 4 және 2 жасар екі бала жеткізілді. Бір отбасының балалары, оларға ота жасалды, бірақ дәрігер балалардың жағдайы ауыр екенін айтады. Екі ересек адам қалалық орталық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы – орташа ауыр», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

ҚР ІІМ өкілдерінің мәліметінше, үш бала ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Ал Nexia жүргізушісі ауруханада қайтыс болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен Түркістан облыстық Полиция департаментінің басшысы барды.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаНазарбаев пен Абу-Дабидің тақ мұрагері Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаАлматы тұрғындары мен қонақтарына ескерту жарияланды – Ел жаңалықтары