Home Жаңалықтар Алматы-Бішкек тас жолындағы апаттан тоғыз адам ажал құшты

Алматы-Бішкек тас жолындағы апаттан тоғыз адам ажал құшты

65

Алматы-Бішкек тас жолында жол апатының салдарынан тоғыз адам қаза болды деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жантүршігерлік оқиға 12 мамыр күні 109 шақырымда болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, Lada жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы жолға шығып кетіп, келе жатқан көлікпен бетпебет соқтығысқан.

Жол апатынан тоғыз адам қаза болды. Оның үшеуі әйел адам.

Қайтыс болғандар Алматы, Шымкент, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары.

«Қылмыстық кодекстің 4 бабының 345 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде«, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Алдыңғы жазбаМұхтар Мағауин: Қазақты неше жүз жыл Шыңғыс ханның ұрпақтары биледі
Келесі жазбаҰБТ-ға қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды