Home Қоғам 45 миллиард теңгенің мүлкі бұғатталды

45 миллиард теңгенің мүлкі бұғатталды

111

Алматы ҚМАД қала прокуратурасының үйлестіруімен ақшалай қаражатты ұрлау дерегі бойынша «Қазкоммерцбанк» АҚ-на қатысты қылмыстық іс шеңберінде параллельді қаржылық тергеу жүргізіп, соталды тәркілеу рәсімін жүзеге асырды.

Соттың санкциясы бойынша, күдіктілердің жалпы сомасы 44,5 миллиард теңге болатын ауданы 300 гектарға жуық жер учаскелері мен автокөлік құралдарына бұған қойылған.

«Келтірілген залалды өтеу мақсатында ҚР ҚПК 667, 668-баптарының тәртібімен іздеуге жарияланған тұлғаларға қатысты қылмыстық жолмен өндірілген мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу көзделген. Сот шешімі бойынша, мүлік Алматы әкімдігінің балансына қою арқылы мемлекет кірісіне айналдырылды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған активтер мемлекет меншігіне берілді, ал тәркіленуге жататын өзге де мүлікті іздеу жалғасып жатыр.

Алдыңғы жазба«Оян, Қазақ!»
Келесі жазба40 градусқа дейін және одан да жоғары. Алдағы жаз ыстық болады