Home Жаңалықтар «Әліппе» оқулығының мектеп бағдарламасына қашан енгізілетіні белгілі болды

«Әліппе» оқулығының мектеп бағдарламасына қашан енгізілетіні белгілі болды

58

Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова «Әліппе» оқулығы туралы мағлұмат берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы вице-министр журналистерге берген сұқбатында айтты.

Каринованың сөзінше, «Әліппе» бойынша тисті жұмыстар атқарылып жатыр.

«Әрине, бұл оқулық қайтарылады. Келесі жылы жаңартылған білім беру мазмұнының бірінші циклы аяқталады. Оған 11-сынып та кіреді. Одан кейін 2021 жылдан бастап қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Әліппені енгізу осы 2021 жылдан басталады», – деді ол.

Министрдің орынбасары оқулық Ахмет Байтұрсынов әдістемесі негізінде жасалып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ, ол «Әліппе» оқулығы латын графикасымен жазылатынын атап өтті.

 

Алдыңғы жазбаТүркия Сириядағы әскери операцияны тоқтатуға келісті
Келесі жазбаНұрсұлтан Назарбаев: Үкімет пен «Nur Otan» фракциясы азаматтардың проблемаларын бірлесіп шешуі керек