Home Жаңалықтар Әлі жеңілмеген «Qazaq» Қанат Исламның жекпе-жегіне аз күн қалды

Әлі жеңілмеген «Qazaq» Қанат Исламның жекпе-жегіне аз күн қалды

50

Жеңіліс дәмін татпаған боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жақында шаршы алаңға оралатынынмәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Бірінші орта салмақта WBA Inter-Continental және WBO NABO чемпиондық белбеулерінің бұрынғы иегері Instagramпарақшасында: «Қанат пен QAZAQ PROMOTIONS-тіңынтымақтастығы және алдағы болатын жекпе-жегi туралыақпарат көп ұзамай жарияланадыдеп жазды.

Кәсіпқой рингте 25 жекпе-жек өткізіп, жеңіліс дәмінтатпаған «Qazaq» лақап атымен танымал боксшы соңғыкездесуін 2017 жылдың қыркүйек айында өткізген болатын.

Кездесудің 9 раундында қарсыласы Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсіріп, бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA тұжырымының аймақтық чемпиондықбелбеуін иемденген болатын.

Өткен жылы 23 маусымда Қанат Ислам Лос-Анджелес қаласында жекпе-жек өткізу қажет болған. Алайдажарақатына байланысты бұл шаршы алаңға шығудан бас тартқан.

Сондай-ақ биыл наурыз айында АҚШ-та жекпе-жекөткізетіні туралы ақпарат шыққан еді.

Алдыңғы жазбаҚазақстанда валюталық операциялар жүргізу тәртібі қабылданды
Келесі жазбаРейхстагқа ту тіккен кім?