ҚР Ұлттық банкінің басқармасы валюталықоперацияларды жүзеге асыру қағидаларын бекітутуралы Қаулы шығарды, депхабарлайды Zakon.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.
Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қағидалар ҚР заңдарына сәйкес әзірленген жәнерезиденттердің және бейрезиденттердің ҚазақстанРеспубликасында валюталық операцияларды жүзеге асырутәртібін айқындайды.
Қағидалар валюталық операциялар бойынша төлемдердіжәне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру; ҚазақстанРеспубликасының ішкі валюта нарығында қолма-қолақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату; банктік шот бойынша қолма-қол шетел валютасын алумен, есепке жатқызумен және пайдаланумен байланыстыоперацияларды жүргізу тәртібін қамтиды.
Резиденттің міндеттемелерін орындау мақсатындабейрезиденттің шетелдік банктегі шотынан резиденттіңвалюталық операциясы бойынша төлем және (немесе) ақшааударымы:
– резиденттің бейрезиденттен алған қаржылай қарызынүшінші тұлғалардың шоттарына аударған;
– өзі тіркелген мемлекеттің заңнамасы бойынша бағалықағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқығыбар бейрезидент резидентке бағалы қағаздар нарығындақаржылық қызметтер көрсеткен;
– бейрезидент резидентке тапсырма шарты бойыншақызметтер көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Есептік нөмірді алу талабы қолданылатын валюталық шартбойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізгенкезде резидент төлем құжаттарында осындай шарттыңдеректемелерін және есептік нөмірін көрсетеді. Келіптүсетін сомаларды идентификаттау мақсатында резидент бейрезидентті өз пайдасына ақша аударуға арналған төлемқұжаттарында валюталық шарттың деректемелерін жәнеоның есептік нөмірін көрсету қажеттілігі туралы хабардаретеді.
Есептік нөмірді алу талабы қолданылатын валюталық шартбойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізгенкезде уәкілетті банк (оның филиалы) төлем құжатындавалюталық шарт деректемелерінің және оның есептікнөмірінің болуын тексереді.
Қағидалармен толығырақ мына жерден таныса аласыздар.