Синоптиктер 2018 жылдың 17-19 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
«Иран аймағынан Қазақстан территориясына жылы ауа массаларының енуінен, барлық аймақтарда 5-15 градусқа климаттық нормадан жоғары ауа температурасы сақталады. Соған қарамастан алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонымен республиканың солтүстік жартысында қар, бұрқасын, оңтүстік жартысында – жаңбыр, жылбысқы қар, көктайғақ және тұман күтіледі, бұрыңғыдай нормадан жоғары ауа температурасы сақталады», – делінген хабарламада.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz