Home Жаңалықтар Тағы екі облыста коронавирус анықталды

Тағы екі облыста коронавирус анықталды

55

Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында коронавирус жұқтырған науқастар анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 72-ге жетті.

«Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 23:20 сағ. жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 72 науқас тіркелді», – делінген хабарламада.

Алдыңғы жазба2020-2024 жылдарға арналған бюджет нақтыланады – Мамин
Келесі жазбаҚасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті