Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды.
Мемлекеттік сыйлық:
- ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;
- жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;
- авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;
- суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.