Home Жаңалықтар Астанада студенттер арасында кастинг жарияланды – Ел жаңалықтары

Астанада студенттер арасында кастинг жарияланды – Ел жаңалықтары

38

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасынан таланттарды іздейді, – деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

А35 жобасы елордада арнайы орта білім алатын жастарға арналған. «А» әрпі атауындағы «Астана» дегенді білдіреді, ал 35 – қаладағы колледждердің саны», – деп түсіндірді жобаның кураторы, «Астана жастары» КММ ұйымдастыру бөлімінің маманы Арайлым Сапарәлиева.

Жоғары оқу орындарының студенттері үшін А14 жобасы да бар.

Кастинг 16 және 17 ақпанда сағат 11:00-де «Жастар» сарайында өтеді. Барлық 35 арнаулы орта оқу орнының студенттері шақырылды. Оларды кастингте «ситуациялық кейс-тапсырмалар» күтіп тұр. «Біз командаға жетекші, дизайнерлер мен сценаристерді жинауды жоспарлап отырмыз. Ең белсенді студенттер көктемде өткізуді жоспарлап отырған А14 және А35 студенттері арасындағы сұлулық байқауы, сондай-ақ дебаттар, қала студенттерінің футбол лигасы, КВН лигасы және т.б. жобаларды жүзеге асыруға атсалысады», – деді жоба жетекшісі.

Арайлым Сапарәлиеваның айтуынша, бұл жұмыс еріктілік болады. Жобада қамтылған студенттер идеялары мен жобаларын «Астана жастары» қолдауымен іске асырмақ.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚаза тапқан бес қыздың ата-анасы сұхбат берді – Тосын жай
Келесі жазбаАтакенттегі тиіннің тағдыры сәуірде шешіледі – Ел жаңалықтары