Home Жаңалықтар «Үркер» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

«Үркер» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

363

25 мамырдан бастап«Үркер-2019» ұлттық сыйлығына қатысу үшінөтінімдерді қабылдау басталды. 

Өтінімдер 2019 жылдың 25 мамыры мен 20 маусымы аралығында www.urker-awards.kz ресмисайтында орналастырылған үлгіге сәйкесқабылданады.

Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшінберіледі. Сонымен қатар, аталған сыйлықөңірлердегі мультимедиялық журналистиканыдамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесінарттыру, кәсіби стандарттар мен критерийлердібекіту, қоғамның азаматтық белсенділігінарттыруға бағытталған.

Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты – таланттыжурналистер мен шығармашылық ұжымдардыанықтау, олардың кәсіби журналистиканыдамытуға қосқан үлестерін тану жәнешығармашылықтарына қоғамның назарынкеңінен аудару.

Сыйлықтың құрылтайшысы жәнеұйымдастырушысы – ҚазақстанРеспубликасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

2019 жылы өтініштер келесідей номинацияларбойынша қабылданады:

1) Жыл фотографиясы;

2) Жыл репортажы;

3) Жыл аналитикалық материалы;

4) Жыл журналистік зерттеуі;

5) Жыл сұхбаты;

6) Қазақстан туралы жылдың танымдықматериалы;

7) Жыл радиостанциясы;

8) Жыл ақпараттық порталы;

9) Жыл газеті;

10) Жыл журналы;

11) Жыл new media (telegram-канал, әлеуметтікжелілердегі үздік ақпараттық паблик).

Осы жылы дәстүрлі номинациялардан бөлек, «Жыл new media» номинациясы тағайындалыпотыр. Бұл номинацияға қатысу үшін өтінімдітанымал ақпараттық telegram-каналдар жәнеәлеуметтік желілердегі белсенді топтар мен пабликтер бере алады.

Үздіктерді арнайы құрылған комиссия айқындайтын болады. Комиссия құрамынаеліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлесқосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді. Жеңімпаздарға 1 000 000 теңге және сыйлықтыңарнайы естелік мүсіншесі табысталады.

Естеріңізге сала кетейік, баспа, радио жәнеинтернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығы 2017 жылы тағайындалған. Екіжыл ішінде еліміздегі белді басылымдар, интернет-порталдар мен журналистерге жалпысаны 26 сыйлық табысталды. Олардың ішіндеақпараттық агенттіктер, өз оқырманықалыптасқан тақырыптық басылымдар да болды.

Барлық сұрақтар бойынша Ұйымдастырукомитетінің телефоны: +7 (7172) 79-82-15.

Алдыңғы жазбаМАҚСАТЫМЫЗ ТАБИҒАТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ, КӨРКЕЙТУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
Келесі жазбаҚарағандыда батут ұшып кетіп, 11 жастағы бала көз жұмды