Home Саясат Тоқаев ҰҚК-нің жаңа төрағасына тапсырма берді

Тоқаев ҰҚК-нің жаңа төрағасына тапсырма берді

9

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады.

Президент ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы есепті тыңдады.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен өткен жиын қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау аясында Мемлекет басшысына ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реформалау және тиімділігін арттыру бойынша қолға алынатын шаралар туралы баяндалды», — деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

ҰҚК басшылығы ауысты

Еске сала кетейік, 16 қарашада Президент Ермек Сағымбаевты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатты. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Марат Ирменов тағайындалды. Сол күні Қасым-Жомарт Тоқаев комитет басшылығымен кеңес өткізіп, жаңа басшылыққа нақты міндеттер жүктеді.

Алдыңғы жазбаПәтерді тәулікке жалға беру: көршілер не талап ете алады, ал пәтер иесінің қандай құқығы бар?
Келесі жазбаСИ, ТРАМП ПЕН ПУТИННІҢ ТАРИХИ КЕЗДЕСУІНЕН НЕ ӨЗГЕРДІ?