Home Дарабоз Australian Open чемпионы Рыбакина қанша сыйақы алды?

Australian Open чемпионы Рыбакина қанша сыйақы алды?

21

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің чемпионы атанды.

Финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді.

Турнир ұйымдастырушыларының мәліметінше, 2026 жылғы Australian Open жекелей сындағы чемпионға берілетін жүлде – 4 млн 150 мың аустралия доллары, яғни салық ұсталғанға дейін 1 млрд 472 млн теңге.

Ал финалға дейін жетіп, бірақ жеңіске жете алмаған ойыншы бұдан екі есе аз алады: 2 млн 150 мың аустралия доллары, немесе 763 млн теңге.

Еске салайық, 2025 жылғы қарашада өткен WTA қорытынды турнирінде жеңіске жеткені үшін Елена Рыбакина 5 млн 235 мың доллар (шамамен 2,7 млрд теңге) сыйақы алған еді.

Алдыңғы жазбаҚазақстандағы барлық балаға 130 доллардан аударылды
Келесі жазбаБатыр ерлігі – ұрпаққа өнеге