Home Саясат Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

29

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.

«2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», – делінген Жарлық мәтінінде.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Алдыңғы жазбаИран тағы да толқыды: Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?
Келесі жазбаКҮЛТЕГІН