Home Дүние дүрмек «Ақша үшін әнші атанбадым»

«Ақша үшін әнші атанбадым»

45

Димаш Құдайберген әлемдегі ең танымал телеарналардың бірі – CNN арнасына тікелей эфирде сұхбат берді. Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жазды.

«Бүгін Лондонға келе сала әлемдегі ең танымал телеарналардың бірі – CNN арнасына What We Know with Max Foster атты бағдарламада тікелей эфирге қосылу бақытына ие болдым. Мені шақырғандарыңыз үшін рақмет! Барлығыңызды 12 қарашада OVO Wembley Arena-да өтетін концертте асыға күтемін, Dears!», – деп жазды әнші желі парақшасында.

Видеода жүргізуші алдымен Димашты таныстырып өтіп, «оны тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша жанкүйерлері бар, алты октавамен 16 тілде ән шырқай білетін қазақ әншісі» деп атайды. Ол Димаштан сұхбат барысында музыкалық білімі, музыкада таңдаған бағыты мен алты октаваға қалай қол жеткізгені туралы сұрайды.

Сұрақтарына жауап берген Димаш студияда ұстазы Марат Айтымовқа алғыс айта отырып, «әншіліктегі басты миссиясы қазақ мәдениетін әлемге паш ету екенін» сөз етеді.

«Мен ақша не басқа коммерциялық дүние үшін халықаралық әнші атанбадым. Мен жай ғана әлем аудиториясына тарихымызды, дәстүрімізді, мәдениетімізді, махаббат пен бейбітшілікті паш еткім келеді. Қазақстанға қош келдіңіздер», – дейді Димаш.

Алдыңғы жазбаТоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады
Келесі жазбаЕнді тату-тәтті отбаслылар көбейе түседі…