Home Басты жазба Биліктегі «арамтамақ» салаларды асырау  қажет  пе?

Биліктегі «арамтамақ» салаларды асырау  қажет  пе?

11

Дүйсенбі  күні  болатын  президент  Қасым – Жомарт Тоқаевтың  кезекті  жолдауын  тақымын қысып, дегбірсіздене  күтіп  отырғандар  көп. Неге  десең, осы  жолдаудан кейін билікте біраз өзгерістер болады деген  алып –қашпа әңгіме қоғамда һәм әлем желіде  өріп  жүр. Жоққа шығаруға  болмайды.  Бәрі мүмкін. 

Өйткені қазіргі әлемдегі геосаяси  жағдайға сай біздің  елде  де, соның  ішінде  билік  эшолонында  да  орын  алуы керек –ақ. Қазірдің өзінде әлеуметтік  желіде жоғары қызметте  отырған  бір адам  «ұсталды,  ұсталған  жоқ.  Лақап әңгіме екен»  деген өсек –аяң айтылып жатыр. Бұл  жайында  билік  үнсіздік  сақтауда. Мұның өзі президент  жолдауынан кейін жоғары  жақта  азды-көпті  өзгеріс  болатынын  нышаны  секілді. Айтқымыз  келгені  ол  емес. Әлбетте президент  өз  жолдауында ішкі – сыртқы  саясатқа  тоқталары  сөзсіз. Алдағы  уақытта  не  істеу керектігін бағдарлап  берері анық. Үкіметтің   атқарып  жатқан экономикалық  реформаларына  да  тоқталары  хақ. Парламенттің жай-күйіде  тілге  тиек етілері сөзсіз.  Осы тұста айтқымыз келгені,  мынау: Қазақстан федералды  мемлекет емес, унитарлы мемлекет. Демек бізге  қос  палаталы  парламент  ұстаудың  керектігі  шамалы. Яғни  Сенатты  тартып жіберген  дұрыс па  деймін. Қазақстанда  халық  саны  не  бәрі 20 млн. 148  депутат (Сенат 50, Мәжіліс 98) бар. Мәселен, Алманияда 84 млн, Италияда 60 млн,Францияда 69 млн. халық  бар. Оларға  әрине қос  палаталы парламент ұстауға  болатын  шығар. Ал, 20 миллионға енді  толып  жатқан  Қазақстанға  қос палаталы парламент ұстайтындай басына  не  күн туды? Бұл  мәселені  бәлкім президент осы жолдауда қозғауыда мүмкін. Қысқасы, биліктің тармақтарын қысқарта  отырып, басы артық  шығындардан құтылғанымыз жөн-ау. Өйткені бизнеске һәм халыққа арнап түрлі салықтарды көбейтіп, қалың бұқараның ашу-ызасын келтіре  бергеннен  гөр, биліктегі «арамтамақ» салаларды  анықтап,  соларды қысқартып  я болмаса таратып  жіберген ең  дұрыс  қадам  болар  еді.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ

Алдыңғы жазбаЖасын боп ақты бір дарын…
Келесі жазбаҚайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды