Home Жаңалықтар Оқушыларға ұлттық тағамдар берілмек

Оқушыларға ұлттық тағамдар берілмек

130

Алматы мектептерінде оқушыларға берілетін тегін тағамдардың мәзірі өзгеруі мүмкін. Қазір пилоттық жоба қолға алынды.

Дұрыс тамақтанбау, тез дайындалатын тағам түрлерін жиі тұтыну созылмалы ауруларға әкеледі. Диетологтардың айтуынша, дұрыс тамақтануды мектеп қабырғасынан бастау керек. Алматы қалалық білім басқармасы «Ұлттық салауатты тамақтану» орталығының мамандарымен бірлесіп, арнайы мәзір дайындап жатыр. Онда балалар үшін құнарлы әрі әр елдің ұлттық тағам түрлері енгізілмек.

«Алматы қаласы бойынша 3 мектепті эксперимент ретінде алдық. Мектептерде антропотологиялық зерттеу өткіздік. Ата-аналармен кездесіп, оқушыларға тренинг өткізілді. Оқушылармен бірге тамақтың сапасын анықтадық», – деді Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры Ерұлан Қарағұлов.

Жаңа мәзірдегі тағам түрлері мұғалімдер мен ата-аналарға және сарапшы мамандарға ұсынылды. Олар тағамның құнарлығы мен дәміне баға беріп, ұсыныс-тілегін жеткізді. Көптің көңілінен шықса, алдағы уақытта осы мәзір мегаполистегі барлық мектепке енгізілуі мүмкін.

Айта кетейік, бұл – әзірге тек пилоттық жоба. Бүгінде Алматыдағы мемлекеттік білім беру ұйымдарында 134 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтылған. Бір баланың күндік тағам бағасы орташа есеппен 830 теңге.

Алдыңғы жазбаБАЛАҚАЙ, ТӘБЕТІҢ ҚАЛАЙ ТАМАҚҚА, ЫНТАҢ АРТТЫ МА, САБАҚҚА?
Келесі жазбаМаңғыстауда 600-ден астам өлі аққу табылды