Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде өлген аққулардың саны 600-ден асты. Бұл мәселені облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиын барысында көтерді, деп жазады Lada.kz сайты.
Жиында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов өлген құстардың саны туралы ақпарат күн сайын жаңартылып отыратынын айтты. «6 қаңтардағы жағдай бойынша біз 601 аққудың өлімін тіркедік. Олардың 90 пайыздан астамы жас аққулар. Біз Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығының орнитологтарының қосымша зерттеулер жүргізуін күтеміз», – деді ол.