Қазақстанның батысында Самара — Шымкент автожолында бірден жеті жүк көлігі соқтығысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 29 қаңтарда сағат 11.40-та автожолдың 344-шақырымында болған.
«Тасжолда жеті жүк көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына алдағы көлік құралының тоқтап қалуы себеп болған. Қазіргі уақытта көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен «Қазавтожол» ЖШС өкілдері жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Басылымның мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
































