Партия құру, бұл атақ шығару емес. Бірақ біздің қоғамда бір партияның орны бос тұрғаны анық. Ол қоршаған ортаны яғни алтын бесігіміз табиғатты қорғайтын, осы жолда нақты іспен айналысатын экологияны ту еткен бір партияның болмауы. Енді осы олқылықтың орнын толтыру үшін «Байтақ-Болашақ» экологиялық бірлестігінің төрағасы , қоғам белсендісі Азаматхан ӘМІРТАЙ алдағы уақытта «Жасылдар» партиясын құруды қолға алатынын мәлімдеді.