Home Жаңалықтар «Барлығы атүсті жасалған» – Әбдіқалықова Қызылорда облысының шенеуніктерін сынап тастады

«Барлығы атүсті жасалған» – Әбдіқалықова Қызылорда облысының шенеуніктерін сынап тастады

239

Қызылорда облысының жаңа әкімі Гүлшара Әбдіқалықова коронавирустың таралуына жол бермеу мәселелері бойынша жедел штаб отырысын өткізді, – деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Әбдіқалықованың айтуынша, аймақта коронавирустың тарауына шенеуніктер мен жергілікті халық, сондай-ақ бизнес өкілдері де бей-жай қараған.

Штаб шешімдерін орындау бойынша құрылымдық бөлімшенің әрбір басшысының есебін тыңдап, облыс басшысы шектеулер кезінде шешімдерді орындамайтындарға қатысты шаралар күшейтілетінін атап өтті.

«Барлық қызмет өкілдерінің жұмысына көңілім толмады. Барлығы атүсті жасалған. Біз болып жатқан оқиғаларға деген көзқарасымызды қарастырып, барлық бағыт бойынша бақылауды күшейтуіміз қажет», – деді әкім.

Алдыңғы жазбаҚазақстанда коронавирустан үшінші адам қайтыс болды
Келесі жазбаЕлімізде 30 градусқа дейін ыстық болады