Home Жаңалықтар Елімізде 30 градусқа дейін ыстық болады

Елімізде 30 градусқа дейін ыстық болады

47

Қазгидромет» өкілдері сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты , – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, сәуірде ауа температурасы жоғарылайды.

«Атмосфералық фронттарға байланысты еліміздің кейбір өңірлерінде күн бұлтты болып, жауын-шашын жауып, жел соғады. Ауа температурасы бірде жоғарылап, бірде төмендейді.

Айдың басында Қазақстанның солтүстігінде түнгі уақытта ауа температурасы -5 градус, күндіз +7, +18 градусқа дейін жоғарылайды. Ал оңтүстік аумақтарда ауа температурасы түнгі уақытта +5, +13 болса, күндіз +23, +28 градусқа дейін жоғарылайды.

Сәуірдің ортасында ауа температурасы сәл төмендейді де, солтүстік аумақтарда -3, -8, ал күндіз +2, +10 градус болса, оңтүстікте ауа температурасы тек айдың соңында төмендеп, +15, +22 градус болады.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде күн суытады. Ауа температурасы солтүстік өңірлерде түнде -3 градус болса, күндіз +13 градус болады. Ал оңтүстікте түнгі ауа температурасы күндіз 22 градусқа дейін барады.

Ал айдың екінші онкүндігінде оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 25-30 градусқа дейін жоғарылайды.

Алдыңғы жазба«Барлығы атүсті жасалған» – Әбдіқалықова Қызылорда облысының шенеуніктерін сынап тастады
Келесі жазбаДимаш Құдайберген: Үйден шықпаңыз, бұл әзіл емес