Home Басты жазба Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды

Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды

131

Астанадағы Ұлттық музей экспозициясынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Астанадағы Ұлттық музейге 2018 жылы шілдеде орнатылған.

Президент мүсіні үстінде латын әріптерімен қазақ тілінде мәтін жазылған:

«Менің арманым – Қазақстанның «Мәңгілік Ел» болуы. Заман өтеді, адамдар өтеді. Бірақ Тәуелсіздік қалады. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаев».

Фото ©️ Tengrinews.kz

Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, мүсін бірнеше күн бұрын алып тасталған.

Алдыңғы жазбаМаралдының тағдыры: үміт пен күдік?
Келесі жазбаШымкенттегі ХҚКО-ға арнайы жасақ неге басып кірді?