Home Жаңалықтар Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды

Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды

47

Президент Әкімшілігі жанынан Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды.
Мемлекет басшысы мұндай институт құру туралы 2020 жылдың 24 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
Орталыққа Президент Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Т.М.Сүлейменов басшылық етеді.
Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді.
Орталықтың негізгі міндеті – бейтарап сараптама әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.

Берік Уәли
Алдыңғы жазбаПрезидент Семей қаласының әкіміне Абайдың 175 жылдығына қатысты тапсырма берді
Келесі жазбаТимур Сүлейменов реформаларды талдау жөніндегі жаңа орталықтың басшысы болып тағайындалды