Маралдыға байланысты дауға әлі нүкте қойылған жоқ. Өйткені жергілікті жердің мұң-мұқтажын ешкім құлағына ілер емес. Мәселе, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданындағы Маралды деген елдімекеннің маңына алтын өндіретін фабрика салуына байланысты болып отыр.
Жергілікті халық бұған қарсы.
Неге? Себеп жетерлік.
Біріншіден, көрікті жер, тұмса табиғат талқан болатыны белгілі. Өйткені кен орны ашық түрде жұмыс істемек. Яғни тау –тау үйінділер, жүздеген қазан шұқырлар пайда болмақ. Екіншіден, алтын өндіретін өндіріс салынатын жердің асты мен үсті табиғи бұлаққа, бастауларға толы. Алтынды таспен топырақтан бөліп алу үшін натрий цианиді деген улы қоспа қосылмақ. Ол қоршаған ортаны уламақ. Әрине бірінші кезекте жер асты-үсті сумен араласады. Жақын маңдағы өзенге құйылады. Демек адамда, малда зиян шекпек. Үшіншіден,бір-екі грам алтынды алу үшін бірнеше тонна кенді қопару керек. Демек айналадағы бүкіл тау-төбе қопарылмақ. Төртіншіден, онкологиялық аурулар көбеймек. Бұған бір мысал Кеңес заманында яғни өткен ғасырдың ортасында осы маңнан алтын өндірілген. Сол тұста онкологиялық аурулар күрт көбейген екен. Соған байланысты ма, әлде алтынның азаюы себеп болды ма, сол ғасырдың жуан ортасында алтын кеніштеріндегі жұмыс тоқтапты.
Енді міне «ГРК Maralicha» ЖШС Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында орналасқан Маралиха алтын кен орнын ашық әдіспен өндіруді жоспарлап отыр. Әрине бұған жергілікті халық наразылығын талай білдірді. Аудан, облыс әкімшілігінеде хабардар етілді. Алайда қолдау таппады. Тіпті мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевқада бірнеше мәрте үндеу жасалды. Бірақ Маралдыдағы жағдай президентке жетпеген сияқты.
Кейде билік алтын өндіретін компанияның мүддесін қорғап отыр ма дегенде ой келеді. Әзірге жергілікті халықпен компания арасындағы келіспеушілік жалғасуда. Әділеттілік салтанат құра ма, құрмай ма, әзірге белгісіз. Осы тұста айта кететін бір жайт, өзгеде экологтармен бірге «Байтақ» жасылдар партиясыда бұл мәселені назарда ұстап отыр. Партия басшысыда аталмыш жерде болып, халықпен бірге екенін һәм көмпанияның әділетсіз тірлігіне қарсы екенін және қоршаған ортаны қорғап қалуға партия қол үшін беретінін жеткзген еді.
Назархан Уәлиев «Байтақ» жасылдар партиясының мүшесі