Home Жаңалықтар 3 мамырға арналған ауа райы болжамы

3 мамырға арналған ауа райы болжамы

56

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, жауын-шашын сақталады.

Кей жерде тұман, жел күшеюі, дауыл, шаңды дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Атырау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл болып, жел 17-22 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысында жел, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерде шаңды дауыл болуы ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерінде 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерде тұман түсіп, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында күндіз, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.

Baq.kz

Алдыңғы жазба«Достық дастарханы» ынтымақты нығайта бермек
Келесі жазбаБалалар жазғы демалыс кезінде жұмыс істегісі келеді. Олардың қандай құқықтары мен мүмкіндіктері бар?