Home Жаңалықтар 2018 жыл қай жұлдызға миллиондар сыйлады?

2018 жыл қай жұлдызға миллиондар сыйлады?

40

Өтіп  бара  жатқан  жыл,  көптеген әншілер үшін  жаман  болмаған  секілді. Талайы  табысты  болып, қанжығалары  майланыпты. Осы  жылы  аса көп   табыс тауып, үріп ішіпшайқап төгіп,  шалқып  өмір сүргендердің  рейтингсін  HIT TV арнасының «Headliner»  бағдарламасы  жасапты  деп хабарлайды NUR.KZ  порталы.

Ең табысты жұлдыздар бестігі мыналар:

  1. Қайрат Нұртас

Әнші бір жылда екі жарым миллион доллар тапқан. Жақында Қайрат үлкен сауда орталығын ашуды жоспарлап отыр.

  1. Нұрлан Қоянбаев

Шоумен, кәсіпкер және ең бастысы білікті продюсердің жылдық табысы бір жарым миллион доллар. Ал жуырда шығатын жаңа фильмінің қалтасын қанша ақшаға толтыратыны әзірге беймәлім.

  1. Тұрсынбек Қабатов

Үнемі ізденісте жүретін Тұрсынбек Қабатовтың бір жылғы табысы бір миллион долларға жеткен. Әртіс бір той үшін бес миллион алса, корпоративті кеш үшін жеті миллион сұрайды деседі.

  1. Ерке Есмахан

Көңілді кештердің жұлдызына айналған арудың жылдық табысы 850 мың долларға жеткен. Соңғы түскен «Махаббат кафесі» фильмінен түскен табыс есепке алынбады. Ел арасында Еркенің әл-ауқаты Баян Мақсатқызынан да көп деген қауесеттер тарауда.

  1. Айқын Төлепберген

SuperStar жобасы арқылы танылған әншінің жылдық табысы 600 мың доллардан асады. Жұлдыз Өмірғалимен тағдырын қосқан әншінің жарнамаға түсуі мен тойға баруы көбейген.

 

Дерек көз.  NUR.KZ

Алдыңғы жазба«Әлем барысы» кімге бұйырмақ?
Келесі жазбаТІЛЕНДИЕВ НЕГЕ ТАРАЗИДЫҢ ҚҰЛАҒЫН ҚЫРШЫП АЛДЫ?