Доминикан Республикасынан экстрадициялан қазақстандық Марина Орумбаева туралы жаңа деректер шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сілтеме жасай отырып, Қр Бас прокуратурасына
Ол 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде болған.Оған Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 9 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіре отырып, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген күдікпен іздеу жарияланған. 2008-2009 жылдары болашақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры іс жүзінде орындалмаған қызметтер үшін мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша төлемдерді жүзеге асырған.
«Осы арқылы ол мемлекетке 9 миллион теңге көлемінде шығын келтірді. Ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 176 – бабына сәйкес қылмыс жасады деп күдіктеледі», – делінген хабарламада.
Семей тумасы Марина Орумбаева 1976 жылы туған, Доминикан Республикасы 9 ақпанда экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына қарамастан, Бас прокуратураның сұратуын шетел билігі өзаралық қағидасында қанағаттандырды.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz