Павлодарда жалпы құны 4,2 миллиард теңге болатын есірткінің ірі партиясы тәркіледі.
ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Бүркіт» ЖСН және прокуратура органдарын үйлестірудің көмегімен Павлодарда синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізді.
«Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 келіден астам «мефедрон», 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді», – делінген хабарламада.
Қара нарықта» тәркіленген есірткінің құны 4,2 миллиард теңге болады, ал көлемі 680 мың дозадан асады.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіледі. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.