Home Жаңалықтар 18 наурызда Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтеді

18 наурызда Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтеді

42

2020 жылы 18 наурызда Nur Otan саяси партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бүгін Елбасы осындай Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды tazael.kz

«Nur Otan саяси партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызда партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Онда 2020 жылға арналған партияның негізгі міндеттері талқыланады» делінген Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың Твиттердегі жазбасында.

Елбасы бүгін Nur Otan саяси партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдаған болатын.

Алдыңғы жазбаТимур Сүлейменов реформаларды талдау жөніндегі жаңа орталықтың басшысы болып тағайындалды
Келесі жазбаШҚО әкімдігі басшыларының 35 млн теңге пара алғаны ашылды