Home Жаңалықтар 13 жасар бала сатушыны 50 теңге үшін пышақтап кетті

13 жасар бала сатушыны 50 теңге үшін пышақтап кетті

51

Семейде 50 теңгеге ештеңе сатып ала алмаған 13 жастағы бала дүкен қызметкерін пышақтады, деп хабарлайды Zakon.kz Алтайньюс басылымына сілтеме жасап.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жасөспірім сабақтан кейін дүкенге кіріп, 50 теңгеге не сатып алуға болатынын сұраған. Оған сатушының жауабы ұнамағандықтан пышаққа жармасып, сатушыға шабуылдапты. Жеткіншек оның бірнеше жеріне пышақ жарақатын салады, сосын кассадағы ақшаны қалтасына басып, із суытқан.

Ол арада екі сағат өткенде ұсталады.

Тәртіп сақшылары күдіктінің балалар колониясына жатқызылмайтынын айтады. Себебі 14 жасқа толмаған. Әзірге ештеңе мәлім емес. Тексеру жүргізілуде. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мән-жайды анықтау үстінде.

Алдыңғы жазбаАстана возкалының атауы «Nur-Sultan» болып өзгерді
Келесі жазба9 маусымда Президент сайлауы өтеді