Home Дүние дүрмек «12 млн теңгенің сөмкесі жолда қалды»

«12 млн теңгенің сөмкесі жолда қалды»

53

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Ерке Есмахан мен Raim-ның Ақтөбе қаласындағы концертінде қызық оқиға болды. Кішкентай тыңдарман қыз Ерке Есмаханға ерекше сыйлық тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе қаласындағы концерттен үзіндіні Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Онда кішкентай қыздың әншіге сөмкесін сыйлап жатқанын көруге болады. «Өзің ұстап жүрген сөмкең емес па? Эмоциямен беріп жіберген жоқсың ба?! Өзіңе керек емес па?! 12 миллион теңгенің сөмкесі жолда қалды. Рақмет, көп-көп. Анасы «енді қыз туыңыз» деп жатыр. Жұғысты болсын! Тілектер қабыл болсын», – деді өнер иесі. Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына тәнті болып, оған жылы лебізін білдіруде.

Алдыңғы жазбаҚасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысын өткізеді
Келесі жазбаОралда «Инватакси» қызметіне бөлінген 53 млн теңгені жымқырғандар тергеліп жатыр