Home Жаңалықтар 11 мамырға арналған ауа райы болжамы

11 мамырға арналған ауа райы болжамы

52

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 11 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжамын ұсынады.

«Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандар арқылы атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай сақталады. Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте – шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ болуы мүмкін», – делінген хабарламада. 

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде найзағай күтіледі. Маңғыстау облысында кей жерде тұман күтіледі.

Күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады.

BAQ.KZ
Алдыңғы жазбаТокио-2020: Олимпиада ойындарына билет сатыла бастады
Келесі жазбаЖыл соңына дейін 21 мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылады