9 наурызда Қазақстанның ірі қалаларының айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы өсті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Kurs.kz мәліметінше, Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе, Тараз және Теміртау айырбастау пунктерінде америкалық валютаны 379-381 теңгеге сатылып жатыр. Ең төменгі көрсеткіш – 378,1 теңге, ең жоғарғы көрсеткіш – 383 теңге (Ақтөбеде).
Өткен аптада «жасыл қағаздың» бағасы KASE қор биржасының саудасында ұлттық валюта бағамы 375,90 теңге болды. Осы аптаның қорытындысы бойынша бір доллар құны – 379,42 теңге болды, осылайша тарихи ең төменгі көрсеткішіне жақындады.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы сарапшыларының пікірінше, теңгенің теріс динамикасы қысқа мерзімді өтімділік профицитінің өсуі сияқты ішкі факторлардың әсерімен, сондай-ақ шетелдік валютаға деген тұрақты сұраныспен байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, доллар жаһандық валюта нарығында біртіндеп нығайып жатыр.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz