Home Жаңалықтар Ерім деп жүргенім «ұрғашы» болып шықты…

Ерім деп жүргенім «ұрғашы» болып шықты…

43

Жұмыстан  келіп  үйге  кіргенім  сол  еді.  Әйелім  бетін  шымшып қарсы  алды.  «Сұмдық,  сұмдық»  деп  бетін  шымши  береді.  «Айсаңшы,  не  болып қалды?»  дедім оның   мына  тірлігіне  ұнатпай  қарап.  «Көрші  үйдегі жас  отбасылар ажырасып  жатыр»  деді  ол.  «Онда  тұрған  не  бар. Қазір  екінің бірі  ажырасуды  модыға  айналдырып  алды.  Соғанда  таң  қаласың ба?»  деп  ұнайтпай  сөйледім. «Мә-ә,  сен  естісең  қазір  шалқаңнан  түсесің» – деген әйелім  әңгімесін ары  жалғады.

«Масқара-деді бетін тағы  шымшып.- күйеуі гей болып шығыпты. Лаура (біз әңгіме етіп отырған көрші пәтердегі жас келіншектің аты) айтады бір жылда төсекте не бәрі бірнеше рет қана болыпты. Оның өзінде күйеуінікі дұрыс «жұмыс» істепепті. Ол, ол ма, күйеуі үнемі ер адамдардың дене-мүшесін әңгіме қылатын көрінеді. Әсіресе теледидардан мүсінді еректерді көрсе аузынан суы ағып қарайды екен».

Әйелімнің айтқандарына онша сенбедім. Бірақ ертеңінде үйге келсем, көрші үйдегі жас келіншек әйеліммен бірге шай ішіп отыр екен. Көзі бұлаудай, жылаған сияқты. Шай үстінде амалсыз оның айтқандарын тыңдауға тура келді. «Күйеуімнің төсектегі қабілетсіздігін, оның түнде мені іздемейтіндігін басында жасырып келдім. Ақыры оның жақын достарына бірде сыр қылып айттым. Мені аяды ма, олар бар құпияны ақтарып салды. Сүйтсе күйеуім «гей» екен. Олардың өзі «еркек, ұрғашы» болып екіге бөлінеді екен. Ал менің күйеуім солардың «ұрғашысы» болып шықты. Кей түндері үйден шығып кетіп, таң атқанда бірақ келетін. «Достарым мен бірге болдым,бильярд, боулинг ойнадым» деп келетін. Еш күдіктенбеуші едім. Сүйтсем таңатқанша «еркек» гейлерді «суғарып» келеді екен ғой. Ондай адаммен қалай бірге өмір сүремін. Сотқа арызды өзім бердім. Ажырастым. Тек жас өмірім өксіп кетті, қайтейін. Алматыда гей клубтар бар көрінеді. Гейлерде көп дейді. Соларға тиым салыну керек қой» дейді Лаура.

Әйелімде үнсіз. Мен де үнсізбін.Не дейміз? Тек бір жас отбасының талқан болғаны ғана өкінішті.

Алдыңғы жазбаҮндістердің тарихынан сабақ алу міндетіміз
Келесі жазбаҚазақстандық режиссер түсірген екі бірдей фильм Қазан қаласындағы кинофестивальге қатысады – Кино