Home Жаңалықтар «Зұлмат» ашаршылық туралы фильм

«Зұлмат» ашаршылық туралы фильм

65

Алматыда өткен ғасырда қазақ жерінде болған ашаршылық туралы деректі фильмді көруге жұрт көп жиналғандықтан оны қайталап көрсетуге тура келді. Фильм авторы «Қазақстандағы ашаршылық геноцид ретінде мойындалуы тиіс» дейді.

Қаңтардың 30-ы күні кешке Алматыдағы «Арман» кинотеатрында журналист Жанболат Мамайдың 20 ғасырдың бас кезінде Қазақстанда болған ашаршылық туралы деректі фильмі көрсетілді. Бір сағат 25 минутқа созылатын деректі фильмді көруге көп адам жиналды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, көрерменнің көптігіне байланысты фильм бір мезгілде театрдың үш залында қатар қойылған. Алайда соған қарамастан, залға сыймаған кей адамдар фойеде тұрып қалды.

 

Театр әкімшілігі мен фильм авторы Жанболат Мамайдың өзі фойеде иін тіресіп тұрған жұртқа микрофонмен сөйлеп, деректі фильмді бір сағаттан соң қайталап көрсететінін айтып, қауіпсіздік сақтауға шақыруға мәжбүр болды.

Деректі фильмді көруге келгендер арасында жастардың көптігі байқалды. Азаттық тілшісімен сөйлескен олардың кейбірі жоғары оқу орындарында оқитын студенттер екенін, «оқытушылары деректі фильмді көруге кеңес бергендіктен» келгендерін айтты.

Сонымен бірге фильмді көруге бірқатар тарихшылар мен мәдениеттанушылар және қоғам белсенділері де келді. Алғашқы және одан кейінгі сеанстарда орын жетпегендіктен деректі фильмді залдың шетіндегі бос жерде түрегеп тұрып көргендер де көп болды.

Алдыңғы жазбаТоқаев: «Қазақстан» атауын өзгертудің қажеті жоқ
Келесі жазбаПарламент Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы құжатты мақұлдады