Home Жаңалықтар Жылына 530 мың отандасымызды жұмыспен қамтуымыз керек – Сапарбаев

Жылына 530 мың отандасымызды жұмыспен қамтуымыз керек – Сапарбаев

45

Өткен жылы базалық зейнетақының жаңаформаты енгізілгенсоның арқасында бүгінгі күніорташа зейнетақы 85 785 теңгені құрауда. Бұлтуралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты.

Жиын барысында министр халыққа әлеуметтіккөмектер көрсетіле беретіндігін айтып өтті
.
«3 млн-нан астам адам, оған қосымшаәлеуметтік қамсыздандыру қорынан да 800 мыңға жуық қазақстандықтар бар, олардыңбарлығына 190 млрд теңге бөлінеді. Осы көмекті нақты адамдарға беру үшін әлеуметтіккартаны дайындап жатырмыз. Ол жөнінде бұғандейін айтқанбыз. Қазір ол 97 пайыз орындалды, шілденің біріне дейін оны 100 пайызорындаймыз», – деді ол

Сонымен қатар, ол зейнетақы мәселесінетоқталып, өткен жылы базалық зейнетақыныңжаңа форматы енгізілгенін айтты.

«Соның арқасында бүгінгі күні орташазейнетақы 85 785 теңгені құрауда. Біз қазіржинақтау зейнетақысын дамыту үстіндеміз. Қазір халық жалақысының 10% зейнетақығааударып отырса, келесі жылдан бастап жұмысберуші қосымша тағы 5% аударады. Сонда айына зейнетақыға 15 пайыз аударылыпотырады», – деді министр. 

Сөз арасында ол, президенттің алға қойған бастымәселесе жұртшылықты жұмыспен қамту болыпотырғанын және ол үшін елімізде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылыпжатқанын жеткізді.

«Осы бағдарлама аясында жылына кем дегенде530 мың отандасымызды жұмыспен қамтуымызкерек. Оған биылғы жылға 124 миллион теңгебөлінген. Елбасы биыл «Жастар жылы» депжариялағанын білесіздер, соған байланысты бізосы бағдарламаға екі жаңа бағыт енгіздік. Біреуі жас маман, екіншісі жас кәсіпкер. Ондағымақсатымыз қазіргі экономиканыңталаптарына сай мамандарды дайындау. Оданары қарай Бастау бизнес бағдарламасынжалғастыруымыз керек. Гранттар мен шағыннесиені көбейтуіміз қажет», – дедіБердібек Сапарбаев.

Алдыңғы жазбаАҚШ Қазақстанмен мығым әріптестікті бағалайды – Трамп
Келесі жазба1 шілдеден бастап әр отбасы үшін әлеуметтік карта енгізіледі