Желтоқсан айынан бастап жол ережесін бұзған жүргізушілерге салынатын айыппұлдар мөлшері айтарлықтай көбейеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жаңа әкімшілік кодекс өзгерістері күшіне енеді, алайда сарапшылар бұл шаралардың заңбұзушылықтар санын қысқартатынына сенімсіз.
Екі айдан кейін сағатына 60 шақырымнан жоғары жылдамдықты асырған жүргізушілер 40 АЕК көлемінде, яғни 147 мың теңге айыппұл төлейтін болады. Қайталанған жағдайда бұл сома 221 мың теңгеге дейін артады. Қазіргі уақытта мұндай заңбұзушылықтар үшін айыппұл мөлшері 73 мың теңгені құрайды.