Home Жаңалықтар Жээнбеков Қымыз күнін атап өту туралы қаулыға қол қойды

Жээнбеков Қымыз күнін атап өту туралы қаулыға қол қойды

48

Кеше, 29 шілдеде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков «Қымыз күнін» тойлау туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметіне сілтеп, Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Қаулыға сәйкес, жыл сайын 9 қыркүйекте Қырғызстанда Қымыз күні атап өтіледі. Мерекені ұйымдастыру жауапкершілігі Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігіне жүктелген.

Баспасөз қызметі таратқан хабарламада «Қырғыз халқының дәстүрлі мәдениетінде қымыздың орны ерекше. Қымыз әуендерінде философиялық ой, өмір салты мен мәдениет ғұрпы бар. Олар ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, бізге жетті. Қазіргі уақытта қымызға жаңаша мән беруіміз керек. Қымыз қырғызстандықтар мәдениеті алуандығының бірлігі символына айналуы тиіс» деп жазылған.

Алдыңғы жазбаБАҚ: Бердімұхамедов қазасы туралы сыбыс таратқандар ұсталды
Келесі жазбаТеміржол билеттерін қайта сататын делдалдар жазаланады