Home Руханият Ғалымдарды қолдауға бюджеттен 18 млрд теңге бөлінеді

Ғалымдарды қолдауға бюджеттен 18 млрд теңге бөлінеді

62

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы екі жылда ғалымдарды қолдауға бюджеттен қосымша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Abai.kz.

«Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді», – деді ол. 

284 жас ғалым былтырлары баспаналы болса, 2024 жылы да ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 

«Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер берілетін болды. Осындай нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады», – деді мемлекет басшысы. 

Abai.kz

Алдыңғы жазбаСоңғы шешімді халық қабылдайды
Келесі жазбаТұрсын ЖҰРТБАЙ, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ойлағаным – алаш қамы