16 мамырда Қырғызстан президенті СооронбайЖээнбеков «Қырғызстан президентініңқызметіне кепілдік беру туралы» заңға өзгерістеренгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралыҚырғызстан президентінің аппараты хабарлады.
Қырғызстан парламенті бұл заңды биыл 4 сәуірде қабылдаған.
Былтыр желтоқсанда құжат авторлары – Курманкул Зулушев пен Исхак Масалиев«Қырғызстан президентінің қызметіне кепілдікберу туралы» заңдағы экс–президенттіңтиіспеушілік мәртебесі туралы жазылғаннорманы алып тастауды ұсынған.
Бірақ екінші оқылым кезінде парламент бұлнорманы алып тастамай, тек жауапқа тартумеханизмдерін жетілдіру туралы шешімқабылдаған. Президент заң жобасына қол қойса, жогорку кеңеш тағып, бас прокурор растаған асаауыр қылмыс жасады деген айыптан соң экс–президент өз статуысынан айырылып, жауапқатартылуы мүмкін.
Сондай-ақ, заң жобасының 11-бабына сәйкес, экс–президент мемлекеттік билік органдарындасаяси, арнаулы мемлекеттік лауазымдардыатқармауы тиіс, саяси партияларда басшылыққызметте істеп не оның қызметіне араласпауғаміндетті. Экс–президент осы ережелерді бұзса, бас прокурордың ұсынуымен, президентактісімен оған берілген кепілдіктердің күшіжойылып, бұрынғы президентті республикалықбюджет қаражаты есебінен материалдық не басқада жағдайлармен қамтамасыз ету тоқтатылады.
Заңға өзгеріс енгізу туралы талқы АлмазбекАтамбаевтың Бішкек ТЭЦ–ін модернизациялауғатікелей қатысы бары туралы мәлімдемеден кейінкүшейген. Қырғызстан құқық қорғау органдар«ТЭЦ–ті модернизациялау кезінде сыбайласжемқорлық қылмысы болған» деп күдіктенеді. Атамбаев айыпты жоққа шығарады.
Қырғызстанда Роза Отунбаева және АлмазбекАтамбаевтың экс–президент деген мәртебесі бар. Алғашқы екі президент Асқар Ақаев пенҚұрманбек Бакиев халық толқулары нәтижесіндебиліктен кетіп, экс–президент мәртебесін алаалмаған.