Home Жаңалықтар Гуаидо Венесуэлада төтенше жағдай тәртібін енгізуді сұрады – Жаһан

Гуаидо Венесуэлада төтенше жағдай тәртібін енгізуді сұрады – Жаһан

37

Венесуэланың Ұлттық оппозициялық ассамблеясының басшысы Хуан Гуаидо 11 наурызда парламенттің жарықтың осымен төртінші күн жоқ болуына байланысты елде төтенше жағдай тәртібін енгізу мәселесін қарастыратынын мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

«Ертең ассамблеядағылардан елде төтенше жағдай тәртібін енгізуді сұраймыз. Бұл апат, ол мәселені шешу керек», – деді Гуаидо.

Еске салайық, мұның алдында Венесуэлада электр жүйесінің жұмыс істемей қалуына байланысты ауруханаларда бірнеше баланың көз жұмғаны хабарланған еді. 

Үкіметтегілер жарықтың өшуін АҚШ-тың хакерлік шабуылынан болды дегенді айтады. Оппозиция болса, бұл биліктің дұрыс басқармауынан дейді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаЕліміздің экологтары осы уақытқа дейін не тындырды? АПТАП (Видео)
Келесі жазбаДауысы шықпай қалған олимпиада чемпионы сұхбат берді – Бір үзік