Home Жаңалықтар Жеңіл атлетикадан Қазақстанның V жазғы спартакиадасы басталады

Жеңіл атлетикадан Қазақстанның V жазғы спартакиадасы басталады

42

Бүгін Алматы қаласында жеңіл атлетикадан ел спартакиадасы басталады. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

26 мамырға дейін жалғасатын елішілік турнирде 15 команда бақ сынайды.

Атап айтар болсақ, ШҚО, СҚО, БҚО, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Атырау, Ақмола облыстары мен Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан келген атлеттер қатысады.

«Елішілік турнирге жалпы есебі 255 спортшы қатысады деп күтілуде. Оның ішінде 152 ер адам мен 103 әйел адам бар», – делінген хабарламада. 

Алдыңғы жазбаШҚО әкімдігі Қытай инвесторларына жер сатылатынын жоққа шығарды
Келесі жазбаТаразда көп кітап оқыған оқушы миллионер атанды