Home Жаңалықтар Бағдат Мәнізоровтың парамен ұсталғаны расталды

Бағдат Мәнізоровтың парамен ұсталғаны расталды

36

Бағдат Мәнізоровтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазТАГтілшісіне сілтеме жасап.

«Ол (Мәнізоров – ҚазТАГ) бейсенбі күні таңертең ұсталды», – деді жағдайды білетін бір адам агенттік тілшісіне.

Бұған дейін интернетте 26 қыркүйек күні сағат 4.55-те Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мәнізоровты қамауға алды деген ақпарат тараған болатын.

Хабарламада әкім орынбасарына ҚР Қылмыстық кодексінің 366 бабының 3-бөлігімен (пара алу) айып тағылғаны айтылған.

Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 12 шілдеде тағайындалған еді.

Оған дейін Мәнізоров 2008 жылдан бастап 2017 жылға дейін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болған.

 

Алдыңғы жазбаСталин қылмыстары: ұлттық элитаны қалай жойды?
Келесі жазбаШымкентте ажырасқан қырғын адам. Үкімет бәрін көріп отыр – Абаев