Сонымен төрткіл дүнені дүбірлеткен Олимпиада да аяқталды. Дымсыз қалмадық.Бұйырған алтын-күміс,қола медальдар алдық. «Шүкір».«Тәубә» – деп жатқандар бар.Иә,барға қанағат!
Бірақ көпшіліктің көңілі спортшыларымыға толмады.Неге?Себеп көп. Үміт еткен спортшыларымыздың дені сенімді ақтамады. Бәлкім дайындық нашар болды. Я болмаса шын мықтылар шетте қалып,олимпиадаға тамыр-танысы бар әлсіздер барды. Екінің бірі. Бұл дода Қазақстан спортына үлкен реформа керек екенін көрсетті. Және уақыт оздырмай жедел қолға алуыны тиіс. Иә, біз қашанда өзіміздің жеңісімізді де, жеңілісімізді де салыстырмалы қарап үйренген елміз. Салыстырайық. Көрші Өзбекстан байрақты жарыста 13 орында, біз 41 орынға аяқ тіреппіз. Өзағаларымыз бюджеттен 160 миллион доллар шығындаса, біз 660 миллион долллар шығарыппыз. Есептей беріңіз, кімдікі көп, кімдікі аз. Өкініштісі сол, өзбектер аз шығын шығара отырып, өте нәтижелі өнер көрсетті. Бір ғана бокстан 5 алтын алды. Ал, біз 660 миллион доллар шығындай отырып, тым төмен көрсеткішке ие болдық. Бұған кім кінәлі. Жарысқа жүрдім бардым қараған спортшы ма, әлде, Спорт комитеті ме, жаттықтырушылар ма? 660 млн. доллар құмға сіңген судай жоқ болды. Әрине, бұл ақшаның сұрауы болуы тиіс. Мол қаржы бөлінді. Бірақ нәтиже жоқ. Осы мәселе бойынша Спорт министрлігі есеп беруі тиіс деп ойлаймын.
Азаматхан ӘМІРТАЙ